Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үйдің қирауы кезінде қаза болғандардың есімі аталды

Қарағанды облысындағы Шахан кентінде үйдің опырылып түсуі кезінде көз жұмғандардың кім екені анықталды. ҚР ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитеті қаза болғандардың аты-жөндерін растады.

7d0be4f20aa81cd134f634bb5a9f74b0

Үйіндінің астынан 9 адамның мәйіті шығарылды.

Андропова Ольга Владимировна 1988 жылы туған,

Андропов Виталий Михайлович 1981 жылы туған,

Андропова Евангелина Витальевна 2016 жылы туған,

Кан Татьяна Кузьминична 1953 жылы туған,

Алексеенко Владимир Алексеевич 2016 жылы туған,

Алексеенко Елена Юрьевна 1980 жылы туған,

Галышев Владимир Иванович 1960 жылы туған,

Галышев Артур 2010 жылы туған,

Михайлов Валерий Семенович 1956 жылы туған.

Үйінді астынан екі адам аман-сау шығарылды.

Олар – Александр Галышев пен Елена Васильева. Екеуі де қазір ауруханада жатыр.

Айта кетейік, оқыс оқиға 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды. Үйдің қалған бөлігінің тұрғындары эвакуацияланды.

Соңғы мәлімет бойынша тоғыз адам қаза тапты. Олардың арасында үш ер адам, үш әйел адам және үш бала бар. Үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған.

Зардап шеккен отбасыларға материалдық көмек көрсетілетін болады.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда қираған үйдің астында анасы алты айлық сәбиімен бірге қалып көз жұмды (фото)

Қарағанды облысында қираған үйдің астынан екі адам аман-сау шығарылды

Қазақстанда ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы 16 қаңтарда іске қосылады

Пәкістандық 13 жасар қызын 36 жастағы мүгедекке беріп, орнына тоқал сұраған (фото)

Талқылау