Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында қираған үйдің астынан екі адам аман-сау шығарылды

Қарағандыдағы Шахан кентінде қираған үйдің астынан екі адам аман-есен табылды. Оқиға орнынан ер адамнан бөлек, 11 жасар қыз бала аман-сау табылды.

1315451

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, үйінді астынан 32 жастағы ер адам шығарылған болатын. Одан кейін төтенше жағдайлар департаментіндегілер 2005 жылы туған қыз баланың ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Оның жамбас сүйегі сынған.

Айта кетейік, оқыс оқиға 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды. Үйдің қалған бөлігінің тұрғындары эвакуацияланды.

Соңғы мәлімет бойынша тоғыз адам қаза тапты. Олардың арасында үш ере адам, үш әйел адам және үш бала бар.

Эвакуацияланған тұрғындарға уақытша екі тұрақ берілгенімен, олардың түгелі дерлік туыстарына кетіп қалған.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыдағы үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған

Ақтөбеліктер 54 көліктен шырша құрастырды (фото)

Әйелін туған балаларынан қызғанған еркек онымен 20 жыл сөйлеспей қойған

Назарбаев ЕХРО-ға қатысқысы келген бүлдіршіннің тілегін орындады

Талқылау