Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыдағы үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170102094347

«Үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған. Шахандағы бірқатар үйлерге жылу автономдық жүйе арқылы беріледі. Аталған қазандық үй комитетінің есебінде болды», – дейді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Облыс басшысы облыстық комиссияның құрылғанын жариялап, республикалық комиссияны құру жоспарлып отырғанын атап өтті. ТЖ орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

«Міндетіміз адамдарды анықтау үшін үйінділерді тазалау жұмыстарын аяқтау», – дейді өңір басшысы.

Анықталғандай, көпқабатты тұрғын үйде 118 адам тұрған.

Тұрғындардың көбісін туыстары сыртқа шығарып үлгерген. Сонымен қатар, баспанасыз қалғандарға балабақшаның ғимаратында тұруға мүмкіндік берілді. Сағат 8:12-де қираған үйіндінің астынан тірі қалған 32 жастағы ер адам құтқарылды. Бұған дейін хабарланғандай, үйінді астынан 9 көз жұмған адамның денесі аршып алынды. Оның үшеуі ер адам, үшеуі әйел, үшеуі бала. Баланың біреуі 2016 жылғы, екіншісі 2010 жылғы. Үйінділерді тазартуға 280 адам жұмылдырылған, олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық жәрдем бригадасы, Ұлттық ұланның 52859 әскери бөлімінің ауыр техникасы және жеке кәсіпкерлер бар. Сонымен қатар, Қарағанды облысы Шахтинск қаласына қарасты Шахан кентіндегі тұрғын үйдің құлау оқиғасына қатысты Шахан кенті әкімдігі қасынан шұғыл желі ашылды: 8 (72156) 3-24-17. Еске сала кетейік, 1 қаңтар күні 22:40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөліміне Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түскені туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД құтқарушылары жөнелтіліп, тұрғындар эвакуацияланды. Әуелі 1 адамның мәйіті үйінді астынан шығарылған болатын. Кейін екінші тұрғынның денесі үйінді астынан табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев ЕХРО-ға қатысқысы келген бүлдіршіннің тілегін орындады

Әйелін туған балаларынан қызғанған еркек онымен 20 жыл сөйлеспей қойған

Ақтөбеде 100 жастағы қария ұзақ жасаудың құпиясын бөлісті

Пәкістандық 13 жасар қызын 36 жастағы мүгедекке беріп, орнына тоқал сұраған (фото)

Талқылау