Пәкістандық 13 жасар қызын 36 жастағы мүгедекке беріп, орнына тоқал сұраған (фото)

Жексенбі, 1 Қаңтар , 2017 15:25

Пәкістанда 36 жастағы құлағы естімейтін, өзі мылқау жігіттің қуанышында шек жоқ. Себебі, ол 13 жасар қызды әйелдікке алып отыр. Ал қыздың әкесі өз кезегінде мылқау жігіттің қарындасынан дәмелі.

article-urn-publicid-ap.org-f1b91f290a514605846c3a316a008551-4ny22JzRuW3d99ee89e3bf715ad9-924_634x414

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Рамзан үндістандық басылымдардың біріне әйелінің жасы 14-те екенін айтқан. Сэйма ол уақытта 13-те болатын. Алайда мұның іске еш қатысы жоқ. Басты мәселе некенің келісім-шартқа құрылғандығында. Сэйманың әкесі Ахмед көптен бері ұл баланы армандап жүр екен. Енді ол бұл тілегін тоқалы орындайды деп күтіп жүр. Ол тоқалының ағасына өзінің 13 жасар қызын берген.

“Біз қыздарды өзара айырбастап отырмыз. Бұған біздің құқығымыз бар”, – дейді Ахмед. Пенджаб аймағында бұл дәстүр кеңінен тараған. Ол “Watta Satta” деп аталады. Аудармасында алыс-беріс деген мағынаны білдіреді. Яғни өзара ренжісіп жүрген отбасылар мәселелерін қыздарын алмастыру немесе беру арқылы шеше алады.

article-urn-publicid-ap.org-f1b91f290a514605846c3a316a008551-2ltxRgPVMm3f9637bfa0a1ed207d-690_634x422

“Бұл дәстүр міндетті түрде орындалып отырады. Ол орындалмаған жағдайда, ата-аналар балаларының алдындағы парыздарын өтемегендей күй кешеді”, – дейді Пәкістандағы құқық қорғау маманы.

3BB6CC9100000578-4075374-image-a-112_1483104518462

Ахмед болашақта қызын тек мүгедек адамның қасынан көретінін айтып жатыр. Мұнымен қатар, қызын өзінен үш есе үлкен адаммен қосқанына еш қысылмайтынын тілге тиек еткен-ді. “Бұл – Құдайдың қалауы. Ол қызымның тағдырының осылай болғанын қалады”, – дейді Ахмед.

article-urn-publicid-ap.org-f1b91f290a514605846c3a316a008551-2ltxRgPVMm3f9637bfa0a1ed2c82-146_634x422

Дәл қазір Ахмед екі әйелмен бірге ескі үйде тұрып жатыр. Айналасында үнемі иттер жүреді. Алайда бұл аймақта 16 жастан бастап қана некелесуге болады.

article-urn-publicid-ap.org-f1b91f290a514605846c3a316a008551-2ltxRgPVMm3f9637bfa0a1ed37b8-50_634x422

Сэйманың анасы Джейнаат бұл некеге толықтай келісетінін айтып жатыр. “Қыз баласы жыныстық жетілу кезінде бірден тұрмысқа шыққаны дұрыс. Әйтпесе олар басыңды ауыртатын болады”, – дейді ол. Джейнаат күйеуіне ұл туып бере алмағандықтан, оның да некесін қабылдап отыр. Ахмед тоқалы Сэбил бұл некеге амалсыздан келіскенін айтқан.

Отбасында Рамзанның ғана емес, оның ата-анасының да денсаулығы қатты нашарлап кеткен. Олар өздігінен қозғала алмайды. “Мен мұншалық жас қызға үйленгім келген жоқ. “Ол мен үшін тым жас” деп те айтқан болатынмын. Алайда барлығы мені көндіруге тырысты”, – дейді Рамзан. Ал Сэйма өзінің әкесінің махаббатының құрбаны болып кеткенін айтып жатыр. Яғни Ахмед тоқалды сүйіп қалғаны үшін алған.

article-urn-publicid-ap.org-f1b91f290a514605846c3a316a008551-4ny22JzRuW3d99ee89e3bf716e3e-786_634x422

Рамзан Сэйма бір күні өзіне шыдамай үйден кетіп қалады ма деп қорқып жүр. Сэйма оның үйіне көшіп барған соң бала көтерген. Алайда іштегі сәбиі 5 айлығында шетінеп кеткен. Ол Рамзанмен ренжіспейтінін айтып жатыр. Арасында мақау күйеуінің ым-ишараларын түсінбей қор болады екен.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтау дәрігерлері Жаңа жыл түнінде жүкті әйелді құтқарып қалды

2017 жылы қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады

Алматыда аса ірі жол апаты: “жедел жәрдем” көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

Астрологтар мен нумерологтар 2017 жылда қандай өзгерістер күтіп тұрғанын хабарлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.02.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар