Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев ЕХРО-ға қатысқысы келген бүлдіршіннің тілегін орындады

Елбасы павлодарлық бүлдіршін Ардақ Шалабаевтың тілегін орындады.

каввв

Фото: Today.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Ол бұған дейін «Аяз атаға хат жаз» шарасына қатысып, ЕХРО көрмесін көргісі келетінін айтқан екен. Қуаныштысы сол, Жаңа жылға санаулы сағат қалғанда кішкентай Ардақ халықаралық көрмеге қатысуға 4 билет алды. Президент сыйлығын Аяз ата мен Қаршақыз балдырғанның үйіне арнайы барып табыс етті.

“Үш апта өткен соң «Қазпочтадан» маған бір менеджер қоңырау шалып айтты: «сіздің балаңыз Елбасының сыйлығын – ЕХРО-ға билет ұтты” деп айтты. Мен оған онша нанбадым. Ол кісінің басқа маңызды шаруалары көп қой. Бірақ интернетті ашсам, интернетте жүр екен хабарламада менің баламның аты бірінші жолда. Бүгін бізде өте қуанышты күн. Өйткені біз Елбасының қолынан ЕХРО-ға билет алып отырмыз”, – дейді Ардақтың анасы Райхан Шалабаева.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде 100 жастағы қария ұзақ жасаудың құпиясын бөлісті

Пәкістандық 13 жасар қызын 36 жастағы мүгедекке беріп, орнына тоқал сұраған (фото)

Ақтау дәрігерлері Жаңа жыл түнінде жүкті әйелді құтқарып қалды

Әйелін туған балаларынан қызғанған еркек онымен 20 жыл сөйлеспей қойған

Талқылау