Қазақстан жұлдыздары арасында кімнің ұлы көрікті? (фото)
Отандық телеарналардың бірі Қазақстан шоу-бизнесінде кімнің ұлы көрікті екенін анықтап көрді.
Бұл туралы Gakku.kz хабарлайды.
Әли Оқапов – ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы. Тасқын Оқаповтың үлкен ұлы Әли ата-аналарының ізін қуып, шоу-бизнеске араласа бастады. Бүгінгі күні ол ең танымал жұлдыздардың бірі болып табылады. Үйленбеген.
Жұбаныш Жексенұлының ұлы. Абик Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқиды. Ол Нью-Йоркте біршама уақыт тұрып, музыкалық шеберлігін шыңдады. Қазір ол Қазақстанда және Live бэндтердің бірінде ойнайды. Жуырда әкесімен бірге «Жолдар» әніне клип түсірді.
Диас Аблаев – ҚР Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы. Сахнадағы өмірі басталмас бұрын Диас Астанадағы ұлттық компаниялардың бірінде жұмыс істеді. Бірақ ол бұл саладан ертелі ме, кеш пе кететінін біліп жүрді. Оның өмірі «Қазақстан дауысы» жобасына қатысқаннан кейін күрт өзгерді. Жобадан кейін ол бұдан арғы еңбек жолын музыкамен байланыстыратынын шешті. Қазір оның қоржынында хитке айналған бірнеше ән мен клип бар.
Олжас Еспанов – әнші Нұрлан Еспановтың ұлы. Олжас нәзік жандылар арасында танымалдылыққа ие. 20 жастағы жігіт әрдайым сәнді киініп жүреді. Ол әкесінің жолын қуғысы келмей, әскери қызметті таңдады. Жұлдызды әке оның шешіміне қарсы болмаған секілді.
Дамир Тастембеков – продюсер Ерік Тастембектің ұлы. «Дамир бір кездері Nota Bene тобының рэпері болғаны есімізде», – деп жазады сайт. Кейін ол Америкадағы ең үздік актерлік шеберлік мектептерінің біріне оқуға аттанды. Онда біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін елге оралып, клиптер түсіре бастады. Жақында Дамир отбасын құрды.
Жіберіп алмаңыз:
Есентаева «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушыларын айыптады
Шаңырағы шайқалған қазақстандық жұлдыздар
Айқын өзін тоқтатқан жол полициясына ән айтып берді (видео)
Нұрлан Еспанов әскердегі сарбаз ұқсап шашын түгелдей алып тастады (фото)