Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Паралимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды. Қазір Қазақстан құрамасы Пхенчхан паралимиадасында жалпы есепте бір алтынмен 13-орында тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шаңғышы Александр Колядин 1,5 шақырымдық спринтте жарысқа шығып, бірінші келді. Екінші болып, Колядиннен 0,8 секундқа қалып қойған жапониялық Йошихиро Нитта келді. Үшінші орынды канадалық Марк Арендс (+1,1) иеленді.

Айта кетейік, 12 наурызда тағы бір қазақстандық шаңғышы Александр Герлицоеркін 20 шақырымдық жарысқ қатысып, төртінші келді.

Бұған дейін, 1994 жылы Лиллехаммерде (Норвегия) өткен паралимпиадада қазақстандық Любовь Воробьева шаңғы жарысында қола алған. Одан кейінгі паралимпиадада Қазақстан спортшылары медаль иеленген жоқ.

Жарыс 18 ақпанда аяқталады.

Тағы оқыңыз:

Головкин WBN-нің «жылдың ең үздік боксшыны» марапатын алды

Головкиннің Қазақстандағы жекпе-жегі 40 мың орындық футбол алаңында өтуі мүмкін

Головкиннің бапкері: Канело бұл жолы да қашып жүретін болса, нокаутқа түседі

Самат Смақов: «Ақтөбе» клубы банкротқа ұшырауы мүмкін

Талқылау