Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин WBN-нің «жылдың ең үздік боксшысы» марапатын алды

Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин WorldBoxingNews.net сайтының таңдауы бойынша «2017 жылдың ең үздік боксшысы» атанды.

Бұл жайында Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дүниежүзілік  WBA / WBC / IBF / IBO / марапаты бойынша орташа салмақты әлем чемпионы Геннадий Головкин өзіне тиесілі «2017 жылдың ең үздік боксшыны» марапатын алды.

Кез-келген боксшының қолы жете бермейтін марапат Головкин жаттығып жатқан Big Bear базасына жеткізіліп, Генадийге тапсырылды.

«Бүгін таңертең қандай тамаша сыйлық келді! Мені қолдап, маған сенім білдіргендеріңізге көп рахмет!»- деп жазды Геннадий әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әлем чемпионы GGG 2013, 2014 және 2015 жылдары да «жылдың ең үздік боскшысы» атанған  болатын.

Жіберіп алмаңыз:  

Головкиннің Қазақстандағы жекпе-жегі 40 мың орындық футбол алаңында өтуі мүмкін

Головкиннің бапкері: Канело бұл жолы да қашып жүретін болса, нокаутқа түседі

Самат Смақов: «Ақтөбе» клубы банкротқа ұшырауы мүмкін

Британдық боксшы Робин Дикин Головкинді «қатынға» теңеді

Талқылау