Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық боксшы Робин Дикин Головкинді «қатынға» теңеді

Британдық кәсіпқой боксшы Робин Дикин әлемге танылған қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді «қатынға» теңеді. Дикин GGG секілді спорттық мансапқа қол жеткізбеген. Бірақ оған қарамастан, Голокин туралы теріс пікір жазған.

«Сен Билли Джо Сондерстен қашып жүрген «қатынсың»! Сондерс — нағыз чемпион!» — деп жазды британдық боксшы Робин Дикин Головкиннің суретіне.

Бұл туралы  Prosports.kz жазды деп, хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, атышулы Британ спортшысы бокс алаңында үнемі жеңіліске ұшырайтындығымен танымал. Ол өмірінде 55 жекпе-жектің екеуінде ғана жеңіске жеткен. Бірақ, осыған қарамастан әлемге танымал болған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жайлы балағат сөз жазған.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы реванш 5-ші мамырда Лас-Вегас қаласында өтеді.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда өтіп жатқан VII қысқы Универсиадада қостанайлық спортшылар жеңіске жетті

Алматылық 14 жасар қыз АҚШ-та каратэден чемпион атанды

Биатлоннан Қазақстан құрамасы жекелей аралас эстафетада үздік ондыққа енді

Астанада мемлекеттік қызметкерлер физикалық дайындық бойынша Президенттік тестілеуден өтті

 

Талқылау