Головкиннің бапкері: Канело бұл жолы да қашып жүретін болса, нокаутқа түседі

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Сенчес мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жекке қатысты пікір айтты. Ол Головкиннің қарсыласын нокаутқа жіберетініне сенім білдірді.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Канело» бірінші кездесуде жұдырықтасқан жоқ, ол екінші кездесуде де олай ете алмайды. Өйткені сол кезде оның жұдырықтасқаннан қашып жүргені көп болды. Егер мықты соққы жұмсай білмесең жеңе алмайсың. Егер «Канело» осы жолы да қашып жүретін болса, Головкин оны нокаутқа түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Геннадий оны таза нокаутқа жібереді, өйткені ол допинг қабылдамайды. Біз бұл жолы жылдам қимылдап, қарсыластың дене мүшелеріне көбірек соққы жасаймыз»,-деді Абель Санчес.

Бұдан бұрын Альварестен алынған сынамалардан тыйым салынған препараттар табылған еді.

Айта кетейік, жекпе-жек 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Тағы оқыңыз:

Ақтауда балалар қойылымындағы жанжалдың себебі анықталды

ШҚО Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды

Аягөзде су тасқынынан келген зардаптарды жою үшін, Өскеменнен көмек жасағы шықты

Алматылық жігіт әйгілі әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды шулатты (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар