Самат Смақов: «Ақтөбе» клубы банкротқа ұшырауы мүмкін

«Ақтөбе» клубының бас директоры Самат Смақов клубтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Смақовтың сөзінше, демеушілер табылмаса, «Ақтөбе» шығынға ұшырауы мүмкін.

Бұл туралы футбол клубының сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Ақтөбе» клубының бас директоры Самат Самқовтың сөзінше, клубтың қарыздары 2014 жылдан бері жалғасып келеді екен.

«Клубтың қарыздары 2014 жылдан 2017 жылға дейін жалғасып келеді. Тек футболшыларға ғана емес, командаға түрлі қызмет ұсынған жеткізушілерге де қарызбыз», – дейді Смақов.

Сонымен қатар Смақов клубтың шығынға ұшырауы мүмкін екенін ашық айтты. Десе де ол бұл жағдайға жол бермес үшін, түрлі амалдарды қарастырып жатқан көрінеді.

«Бюджет тағайындалғандықтан, маған ешкім бюджеттен ақша қоспайды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының басшылығы бұл қиындықтан шығудың түрлі амалдарын іздестіріп жатыр. Шынын айтқанда, тек бір ғана амал көріп тұрмын. Ол – клубқа демеушілер табы. Егер демеушілер таба алмасақ, қала «Ақтөбе» клубынсыз қалуы мүмкін. Яғни клуб банкротқа ұшырауы мүмкін. Әрине, мұндай жағдай орын алғанын қаламаймыз. Бірақ заң осы. Оның үстіне клуб мемлекет иелігінен алынған. Ал қарыздары бастан асатын клубты кім сатып алғысы келеді? Егер жағдай өзгермесе, клуб шығынға ұшырайды. Өз еңбектерімен ақша тапқан футболшылар ақшасыз қалады», – дейді клубтың бас директоры.

Оқи отырыңыз:

Британдық боксшы Робин Дикин Головкинді «қатынға» теңеді

Павлодарда өтіп жатқан VII қысқы Универсиадада қостанайлық спортшылар жеңіске жетті

Алматылық 14 жасар қыз АҚШ-та каратэден чемпион атанды

Биатлоннан Қазақстан құрамасы жекелей аралас эстафетада үздік ондыққа енді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар