Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір олимпиада жолдамасы түсті

Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова Нидерландыда өткен додада олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Марафоншы Жанна Мамажанова Нидерландының Роттердам қаласында өткен халықарлық турнирде үздік нәтиже көрсетіп, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Ол межелі қашықтықты 2:26.42 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, Олимпиада нормативін орындады. Бұған дейін оның халықаралық турнирдегі көрсеткіші 2:26.54 болған. Марафоншы өз рекордын жаңартты.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасының қоржынына 31 жолдама түскен еді. Осы аптаның аяғында балуандар Бішкекте лицензиялық турнирде бақ сынайды. 

Талқылау