Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылуында (фото, видео)

Әлемдік спорт үшін тамыз айының орны ерекше болмақ. Дәл осы жаздың соңғы айында Бразилияда 2016 жылғы Жазғы ойындар Олимпиадасы өтіп жатыр. Бүгін әлемдік шараның ашылу салтанатында Қазақстан құрамасы да жүріп өтті.

image

Фото: instagram.com/slavasays/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған шараны әлемнің түкпірінен барған 15 мың журналист бақылап, жаңалықтармен бөлісуде. Мұнымен қатар, спортшылардың өздері де Олимпиададағы алғашқы күндерінің қалай өткендерін әлеуметтік желі арқылы көрсетіп жатыр. Ал ресми ойындарды 12 қазақстандық журналист бақылайтын болады.

Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында, ең алдымен, Грекия құрамасы бастады. Қазақстан да алдыңғылардың қатарында болып өз кезегімен жүріп өтті. Ал Қазақстан туын Олимпиада алқасына Қазақстан құрамасының үміті, таэквондошымыз Руслан Жаппаров көтеріп шықты.

00

754704394314305

754704395432967

Жалпы шеруге 12 мың спортшы мен түрлі команда өкілдері жүріп өтті. Соңында барлығы бір-бір ағаштан отырғызып, олимпиадалық саябақтың көркеюіне үлес қосты.

KZRIO2016

a8c984d4c63a527c581ed498289806c9

13174

Ойындардың ашылу салтанаты 3 кезеңнен құралды. Бірінші кезекте, көрермендер Бразилия тарихынан хабар беретін театрландырылған көрініс тамашалады. Одан соң елдің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері көрсетілді.

Рәсім барысында 2 мың түрлі-түсті пистолет пен 110 үлкен жарық құрылғылары жұмыс істеді. Сондай-ақ, үш тоннадан астам пиротехника қолданылды.

Қазақстан Рио Олимпиадасына спорттың 26 түрі бойынша 104 спортшыны аттандырды. Спортшыларымыздың төртеуі Лондон Олимпиадасының жүлдегерлері: Ольга Рыпакова (алтын), Әділбек Ниязымбетов (күміс), Иван Дычко (қола) және Гузель Манюрова (қола).

Бұдан өзге еліміздің намысын қорғауға бокстан Біржан Жақыпов, Олжас Сәттібаев, Қайрат Ералиев, Берік Әбдірахманов, Абылайхан Жүсіпов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко, 

ал қыздар атынан Жайна Шекербекова, Дариға Шәкімова, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза сынды спортшылар барды. Ал дзюдодан Максим Раков, Отгонцэцэг Галбадрах, Мариан Урдабаева сынды спортшыларымыз бақ сынасады.

Трибунадан керемет кешті 78 мың адам көре алады. Ал бір орынның ең төменгі бағасы 2 мың доллар. Ал ең қымбаты 4 мың доллар.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан құрамасы Рио Олимпиадасының ашылу салтанатында жүріп өтті (видео)

Рио олимпиадасының ашылу салтанаты қандай тосын сыйлар дайындауда (фото)

Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық дзюдошылардың Рио олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Рио-де-Жанейрода Олимпиада алауы жағылды

Талқылау