Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Иранға қарсы санкциялар алынуына қатысты мәлімдеме жасады

Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспары (ЖБІЖ) орындалуының басталуына қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

image106115

«Қазақстан Республикасы Иран Ислам Республикасының Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарына (ЖБІЖ) сәйкес барлық міндеттерін орнындалуын құптайды.

ЖБІЖ орындалуы және осыған орай БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын алып тастауы халықаралық қатынастарда жаңа кезеңнің басталуын белгілеп, қауіпсіз әлемді құру жолындағы аса маңызды сындарлы қадам болып табылады және саяси ерік бар жерде сабырлы келіссөздер мен дипломатиялық консультациялар ең күрделі деген жаһандық және өңірлік мәселелерді шешудің бірден бір дұрыс және тиімді амалы екенін дәлелдейді», делінген хабарламада.

Қазақстан ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайтуға өз үлесін әрдайым қосып тұруға дайын екенін мәлімдейді.

Талқылау