Қазақша таза сөйлеген Айсәуле Бақытбек неліктен тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты (видео)

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек сүйікті азаматына тұрмысқа шығуға неліктен асықпайтынын айтып берді.

Бұл туралы Hit.Tv арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Арнаға сұхбат берген Айсәуле Бақытбек қазақ тілінде таза сөйлеп, көпшілікті таңғалдырды. Ал неке туралы сөз болғанда, тұрмыс құруға асықпайтынын айтты.

«Менде тезірек тұрмыс құрайын деген арман жоқ. Себебі әлі оқуымды бітірмедім. Әлі жаспын. Жігітім де жас. Жұмыс істеу керек. Ақшау табу керек. Осындай мәселелер бар», – дейді Айсәуле.

Бұған дейін Instagram желісінде азаматтық неке туралы жазба жариялап, жұртты шулатқан бойжеткен әлі де ойынан айнымаған сыңайлы. Тіпті, Айсәуле үшін некесіз бала табу да ұят емес.

«Некесіз бала табуды ұят деп айта алмаймын. Әрине, қыздарға некесіз бала туа беріңдер деп айтпаймын. Бірақ сондай жағдай болып қалса, ол ұят емес. Бала ешқашан ұят емес. Егер жүкті болып қалсаңыз, ол жаман нәрсе емес. Оған қуану керек», – дейді Айсәуле Бақытбек.

 

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық киносыншылар 2017 жылдың ең үздік фильмін атады

Тамара Асар дәмі тіл үйіретін наурыз көженің қалай дайындалатынын көрсетті

Мөлдір Әуелбекова: Тобымдағы қыздардың әнші жігіттермен араласуын қадағалап отырмын

Ринат Зайытов Петропавлда өткен ақындар айтысында автокөлік ұтып алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар