Қаза тапқан “Күзет” қызметкерінің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 17:35

Қылмыскерлермен полицейлердің қақтығысы кезінде атысқа қатысқан ҚР ІІМ “Күзет” қызметінің қызметкері 1974 жылы туған Аян Ғалиев 5 жерден жарақат алып, ауруханаға жетер жолда қайтыс болған.

12553975

Фото: newskaz.ru

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Аян Ғалиев 23 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр, оның зейнетке шығуына да 2 жыл қалған. Бізге оның ауыр жарақат алып, қайтыс болғанын айтты. Біз оны тек мәйітханадан алып кете аламыз. Оның үйінде 10 жасар қызы мен 7 жасар ұлы қалды”, – дейді марқұмның туысы.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар