Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Атырауда марафонға қатысады

Қайрат Нұртас Atyrau Marathon-ға қатысатын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

R4lwzxpFalU

«Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Марафонға қатысушылар екі қашықтық бойынша жүгіреді – әуесқойлар 10 шақырым, ал кәсібилер 21 км жүгіретін болады. Бұл Атырау облысында ұйымдастырылып жатқан бірінші марафон. Бұл жарысты дәстүрге айналдырып, жыл сайын өткізбекпіз. Мақсатымыз – түрлі жастағы адамдарды спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануңа шақыру», – деді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Жүгіру 6 мамыр күні өтеді. 10 шақырымға жүгу әуежайдан басталса, кәсіпқойлар – Мұнайшы стадионынан жарысты бастайды. Екі жүгірістің қорытындысы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасындағы әр жастағы топтардың ішіндегі үздіктер анықталады. Спорттық іс-шараның соңында жеңімпаздар марапатталып, Қайрат Нұртастың қатысуымен концерт өтеді.

Марафонды Атырау облыстық әкімдігі мен Infinity Fitness клубы ұйымдастырады.

Тағы да оқыңыз:

Түркияда жатқан Жігер Ауыпбаев денсаулығы жайында өз аузымен айтып берді (видео)

Директоры Ернардың жол апатынан кейінгі жағдайы туралы айтты

Димаш финалда Майкл Джексонның әнін орындайды (фото)

Талқылау