Қаракөз Тілеубекова: Келін ешқашан да қызыңдай болмайды

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 15:08

Актриса Қаракөз Тілеубекова отандық телевизиялық шоулардың бірінде ененің рөлін сомдауда. Шын өмірде әлі келін түсіріп үлгермеген Тілеубекова «қатал ене болар едім» дейді.

13584162_104459296655635_1648788521_n

«Мен ене болсам «жаным, күнім» деп айтпас едім. Ол біреудің қызы, не болмаса баласы… Иә, сыйлайтын жерде сыйлаймын. Бірақ арамызда субординацияны сақтар едім. Басқа шығармайтын едім. Дұрыс емес нәрсесін көрсем басымнан асырмаймын. Мінезім сондай», – деді Тілеубекова Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал Қаракөздің әпкесі, актриса Гүлбаушан Тілеубекова сіңлісіне қарағанда жұмсақтау екенін айтты. Десе де, оның да бүгінгі келіндерге көңілі толмайтын болып шықты.

«Біз де келін болдық. Құдайға шүкір, өз орнымызды білеміз. Үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп сыйлаймыз. Орнымыздан атып тұратынбыз біреу кіріп келсе, өйткені тәрбиеміз солай. Ал қазіргі келіндер ондай емес», – дейді.

Қаракөз болса ешқашан да келіннің қыздай болмайтынына сенімді.

«Кейбір адамдар «келінім қыздай» дейді. Мен сол сөзді онша жақтыра қоймаймын. Өйткені, келін ешқашан да қыздай болмайды», – деп түйіндеді сөзін актриса.

Жіберіп алмаңыз: 

Тимур Балымбетов: Қайрат Нұртас – өз ісінің кәсіби маманы

Санда 10 жыл бойы көрмеген әкесімен жүздескенде көзіне жас алғанын айтты

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Жазира Байырбекова: 20 күн қатарынан тойда жүретін кездеріміз болады

Мөлдір Әуелбекова той көйлегін сатылымға шығарды (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар