Санда 10 жыл бойы көрмеген әкесімен жүздескенде көзіне жас алғанын айтты

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 13:41

Шоу-бизнес әлемінде өзіндік орнын тапқан әнші Санда биыл 10 жыл бойы көріспеген әкесімен жүздесті. Ата-анасы оның бала кезінде ажырасып кеткен. Ата-аналарының айырылысуы Сандаға да, оны сіңлісіне де оңай тимеген.

санда певица

Санда жүздескісі келетінін айтып әкесіне өзі хабарласқанын мойындады.

«Уақыт өте келе адамның рухани дүниесі байып, көп нәрсені түсінеді. Іштен жібере алмайтын өкпе-реніштері де болады. Бірақ өмір адамдарға ренжімеуді, оларды түсінуді, бар күйінде қабылдауды үйретеді. Осыны түсінген кезде, адам өзгереді. Оны түсіндіру, дәлелдеу қиын. Әкемді 10 жылдай көрмедім. Биыл өзім хабарласып, көрістім. Екеуміз де жылап жібердік», – деді Санда 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында. Әнші жырақтағы анасының өзін жылына екі әрі кетсе үш рет көретінін айтты.

«Анам кәсіпкер-әйел. Көбінесе ол маған келіп тұрады, мен көп бара алмаймын. Оның өзі ең көп дегенде 4-5 күнге келеді», – деді ол.

Ал әнші Луина 3 жасынан бері әкесін де, анасын да көрмеген. Анасы іс-түссіз жоғалып кетсе, әкесі өз бетімен өмір сүріп жатыр.

luina

«Ата-анамның бала кезімде ажырасып кеткені ешкімге де жасырын емес. Қазірдің өзінде әкемді көріп қалсам, ештеңе болмағандай сөйлесе беретін шығармын. Бәрібір мен мінезі жұмсақ адаммын. Адамды кешіре білу керек деп ойлаймын. Кез келген жағдайда ол мен бас қатыратын мәселе болған жоқ. Олар да жас болды, қателескен шығар. Бір-бірлерін түсіне алмаған шығар. Бәріне байыппен қараймын және әрбір адамға осылай өмір сүруге кеңес беремін», – дейді.

Бүгінде Луина әкесінің қай қалада тұратынын да білмейді. «Іздеуге шындап кіріссем, табуға болады. Бірақ ол туралы ойланбаппын», – дейтін ол әкесінің есінде де қалмағанын айтты:

«Одан бері 26 жыл өтті. Мен небәрі үш жаста болдым. Есімде емес, әрине. Бірақ сонда да мен оны жақсы көремін».

Ал Санда уақыт өткен сайын адамдардың арасы алыстай түсетінін, сол себепті жақын адамдарға көп кешіктірмей хабарласып тұру керектігін айтып, Луинаға да солай істеуге кеңес берді.

Жіберіп алмаңыз: 

Динара Сұлтан өнер жолындағы демеушісінің өз күйеуі екенін мойындады

Мәдина Сәдуақасова жүктілігін жасыруының басты себебін айтты

Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Асхат Тарғын елді шулатқан төбелестің неден туындағанын өз аузымен айтып берді

Serebro тобының әншісі жалаңаш суреттерін желіге салды (фото)

Міндетті түрде қараңыздар. Мұрағаттан Батырхан Шүкеновтың алғашқы бейнебаяны табылды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар