Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сұлтан өнер жолындағы демеушісінің өз күйеуі екенін мойындады

Әнші Динара Сұлтан өнер жолындағы демеушісінің өз күйеуі екенін мойындады.

13557064_1198615810188759_383844094_n

«Менің жолдасым басынан бастап мені қолдаған, менің өнеріме ғашық болған деп айтуға болады. Жағдайы келіп тұрса, неге жасамасқа? Соның арқасында сапалы дүниелер жасауға тырысамын. Отбасына қарап, қадағалап, ақша әкелу – ер азаматтың міндеті», – деді әнші 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Мәселен, Walt Disney мультфильмдерінің бағытындағы «Әке-ана» бейнебаянын түсіруге біраз қаражат жұмсалған екен.

«Ішіндегі бейнелерді негізі шын адамдар ойнаған. Ол оңай емес. Жануардың келе жатқанын, құстың ұшқанын да адам көрсеткен. Жалпы үш адам жасаған. Менің бейнемді де бір қыз сомдаған. Disney бағытымен жасалған дүние. Арзан деп айта алмаймын. Жасаған соң дұрыстап жасау керек», – деп түйіндеді сөзін әнші.

Айта кетейік, Динара Сұлтанның үш қыз, бір ұлы бар. Әнші жуырда мүгедек балаларды қолдап, бейнебаян түсірген болатын.

Жіберіп алмаңыз: 

Асхат Тарғын елді шулатқан төбелестің неден туындағанын өз аузымен айтып берді

Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Ninety one “91” тобына бәсекелес “99” тобы “пайда болды” (видео)

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Алмас Кішкенбаев жұбайынан кешірім сұрап, ел алдында тағы бір рет сезімін білдірді

Талқылау