Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев жұбайынан кешірім сұрап, ел алдында тағы бір рет сезімін білдірді

Үлкендер «Жылдар өткен соң махаббат кетіп, арада тек сыйластық қалады» дегенді жиі айтады. Иә, алғашқыда бірін-бірі сүйіп қосылып, біраз уақыттан кейін тұрмыстың ауыртпашылығынан не басқа да себеппен Құдай қосқан қосағынан ажырасып жататындар көп. Бір-бірлеріне деген сезімі қалмаса да, балалары үшін бірге өмір сүретіндер де бар. Бірнеше жыл отасқан соң жұбайын сүйсе де, сезімін білдіруді ұмыт қалдыратындар да жетерлік. Бірақ Алмас Кішкенбаев ондайлардың қатарынан емес.

y_34440d74

Алмас жұбайы Мөлдірмен 2010 жылы шаңырақ көтерді. Бүгінде жұптың Зере және Кәлима есімді екі қыздары бар. Жуырда әнші тағы да бір рет әйеліне деген сезімін ашық білдірді. Қате түсініп қалмаңыз, сахна төрінде не қоғамдық орында емес, өзінің Instagram парақшасында.

Жұбайының суретін жариялаған ол: «Бұл менің красавицам. Аллаһқа мың шүкіршілік етемін маған осындай саналы, ибалы жар сыйлағанына», – деп жазды. Әнші ара-тұра әйелін ренжітіп алатынын жасырмады. Иә, «отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды».

«Ренжіме жаным. Сүйем ғой сол баяғы», – деп түйіндеді сөзін Кішкенбаев.

Желі қолданушылары Алмастың бұл қылығына тәнті болды. “Алмас, жарайсың, көп ер адамдар көпшіліктің алдында әйелін сүйетінін айтпайды”, “Жарайсың, Алмас, әйеліңе көңілің толады екен”, “Үлгілі жанұя деп санаймын, осындай жаныңызды аялап жүргеніңіздің өзі нағыз ер азаматқа тән қылық”, “Әйеліңіз сондай әдемі, бақытты болыңыздар”, – дейді желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Алмас Кішкенбаев артық салмағының кесірінен сахнаға шықпай жүр

Алмас Кішкенбаев қызының 2 жасынан боянып, 3 тілде сөйлейтінін айтып мақтанды

«Әлем аруы» атағына үміткер қыз хиджаб киді (фото)

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Талқылау