Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті
Әнші Төреғали Төреәлі өзінің досы, “Алло” әнінің сөзін жазған ақын Қайнар Алагөзовке қымбат маркалы көлік сыйлады.

Бұл туралы “Астана” арнасындағы “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
Жақында дүние есігін ашқан Қайнардың сәбиіне әнші Әлихан деп ат қойыпты. Тек мұнымен шектелмей Қайнардың ұлына Gelandewagen маркалы көлік те сыйлап отыр.
“Ұлым өскенше су жаңа көлікті өзім жүргізе тұрамын” деген ақын досы, Төреғалиға үлкен алғысын білдіріпті. Бұған дейін Қайрат Нұртас та досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берген болатын.
Оқи отырыңыз:
Айсәуле Бақытбек: Мен әкемнің қорғаушысы емеспін
Баян Есентаева өзінің тегін өзгертті
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды