Айсәуле Бақытбек: Мен әкемнің қорғаушысы емеспін

Жексенбі, 2 Қазан , 2016 8:50

Продюсер Баян Мақсатқызы мен Бақытбек Есентаевтың тұңғыш қыздары Айсәуле сотқа әкесінің қорғаушысы ретінде қатысып жатқанын жоққа шығарды.

pINX_S-MDBk

«Жолдастар, өз «пікірлеріңізді» айтқандарыңыз үшін рахмет, әрине. Алайда сіздердің сөздеріңе құлақ ассам, бала күнімде-ақ есімнен адасқан болар едім», – деп бастады сөзін Айсәуле желідегі парақшасында.

Одан кейін жағымсыз пікір иелеріне әбден ренжіген ол кейбір адамдардың ойланбастан біреудің сөзіне еріп кете беретінін айтып қынжылды. Тіпті, оларды табынның артынан ерген малға теңеді. Одан кейін:

«Мен сотта әкемнің қорғаушысы болмаймын, мен бұл істе тек куәгермін. Мен жаз бойы тергеу изоляторындағы әкеме бару үшін оның қоғамдық қорғаушысы болдым, алайда қорғаушы әрі куәгер ретінде болу заңға қайшы. Сондықтан мен оның қорғаушысы бола алмаймын. Әкем мен анамды бірдей жақсы көремін. Сіздерге ұнамаса, өз жөндеріңізбен жүріңіздер», – деді.

Айсәуле біреудің жеке өміріне, жеке отбасына қол сұқпас бұрын, әркімге өз отбасымен айналысуға кеңес берді.

Желі қолданушыларының арасында Айсәулені жақтағандар да, даттағандар да табылды. Кейбіреулер оның мықты қыз екенін айтып, сабыр тілесе, енді біреулер дұрыстап сөйлеуге кеңес берді.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаевтің ісі Талдықорған сотына ауыстырылды.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаева өзінің тегін өзгертті

Баян Есентаева адамдарды ұлт пен нәсілге бөлмеуге шақырды

«Өгей жүрек» телехикаясының кезекті бөлімінен кейін жұрт Есентаева туралы ойын өзгертті (фото)

Баян Есентаева: Ендігі Баян қандай? Оны мен білмеймін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
3 ай 13 күні кері

Әке – шешені адам таңдамайды, дегенмен ол оңбаған әке әйелінің ғана емес, екі қызының да абыройын айран етті. Енді тұрмысқа шығайын деп отырған қызға ертең қайын жұрты не демейді?

Анонимно
3 ай 14 күні кері

Дурыс айтас п…ц адамдар кусамандарш керек еди сендердин омирлерин тукир…..м бар

Анонимно
3 ай 15 күні кері

Адептилеу сойлесе гой. Оздерин киналисиндер. Арбир ишкен жеген отырган турган кадамдарынды алеуметтик желиге саласындар. Сосын келип араласпандар дейсиндер….

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар