Жазира Байырбекова: 20 күн қатарынан тойда жүретін кездеріміз болады

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 12:38

Әнші Жазира Байырбекова шоу бизнестен той бизнесті артық көретінін айтты. Мұнымен қатар, әнші той мен концерт екеуінен алғашқысын артық көретінін де жасырмады.

image

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Жазира Байырбекова отандық бағдарламалардың бірінде сахнаға қарағанда, той-томалақта ән салғанды ұнататынын айтып қалды. Мұның басты себебі табыс мәселесі екен. Әнші концерттерге қарағанда, тойдан ақшаның көбірек түсетінін де жасырмайды. Яғни, әр тойдан 4 мың доллар көлемінде табыс табатын көрінеді.

“Мұны жасырудың қажеті жоқ шығар?! Кейде 20 күн қатарынан тойда жүретін кездеріміз болады. Осындайда көп концертке бара алмай қаламыз. Әрине, уақыт табуға болады. Бірақ адам баласына ақша қажет қой. Концерттен табыс түспейді, ал тойдан көп ақша аламыз”, – дейді Жазира Байырбекова.

Әнші, мұнымен қатар, кей артистің тойда ән салатынын жасыратынына қайран қалды. Оның айтуынша, әріптестерінің 90%-ы тойда ән айтады екен.

“Жанболат маған “Сен сұхбатта барлығын айтып қоясың. Құдды балам сияқтысың. Балалы үйде ұрлық жатпайды деген осы шығар” деп айтып отырады. Десе де, әр тойдан 4 мың доллар алатынымызды жасырудың қажеті жоқ шығар”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт кілемді қолмен жуған Жазираның қарапайымдылығына қайран қалды (видео)

Жанболат пен Жазира тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты (видео)

Мөлдір Әуелбекова той көйлегін сатылымға шығарды (фото)

Асхат Тарғын елді шулатқан төбелестің неден туындағанын өз аузымен айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар