Жұрт кілемді қолмен жуған Жазираның қарапайымдылығына қайран қалды (видео)

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 10:32

Жазира Байырбекова демалыс күндерінің қалай өтетінін көрсетті. Ол да өзге қыз-келіншектер секілді демалыс күнін үй шаруасына арнайды екен. Ал кілемді қолмен жуатынын көрген жұрт оның қарапайымдылығына қайран қалды.

image

Фото: instagram.com/zhanbolatzhazira/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тыңдармандары Жазира Байырбекованың өзге әріптестерінен қарапайымдылығымен ерекшеленетінін жиі айтады. Әнші, расымен де, әрдайым ойын ашық айтып, күнделікті тұрмыстағы кішігірім жаңалықтарымен бөлісіп отырады.

Бұл жолы ол кілемді қалай жуатынын көрсетті. Мұнымен қатар, өзге қыз-келіншектерден айырмашылығы жоқ екенін, демалыс күндерінің үй жинаумен өтетінін айтып өтті. “Менің басқа қыз-келіншектерден айырмашылығым жоқ. Менің демалысым осы видеодағыдай өтеді. Кілемге сабын жағып, жарты сағатқа қалдырамын. Артынша жібіген соң жуамын”, – дейді ол.

Жарты күнде аталған видеоны 88 мыңнан астам адам көріп, 700-ге жуық пікір білдірген. Көбінесе желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына қайран қалғандарын жазған.

“Керемет, іске сәт! Мен де осылай жуғым келеді. Әттең, қалада тұрғындықтан мұндай мүмкіндік жоқ”, “Күшті жарасып тұр. Сіздей келіндеріміз көп болсын”, “Жазира, сөз жоқ, жарайсың!”, “Жұлдыздар да жұмыс істейді екен ғой”,

“Жазира, нағыз қазақтың иманды да ибалы келіні”, “Өзіңіз пысық екенсіз ғой”, “Жазира, осы қарапайымдылығыңнан айырылма” деп жазады желі қолданушылары. Мұнымен қатар, арасында сабынның иісі шығатынын айтып, керісінше ұнтақпен жууға кеңес беріп жатқандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Жанболат пен Жазира тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты (видео)

Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Жазира мүгедектерге көмектесуге барып, олардың қамқоршысынан күмәнданып қалды (видео)

Жазира: Халық атынан қарыз алып, жағдайын жасайтын басшыларға қызығамын

Жанболат: Жазира келінімізді құтыртып жіберетін шығар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар