Мөлдір Әуелбекова той көйлегін сатылымға шығарды (фото)

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 12:12

Мөлдір Әуелбекова өзінің қалыңдық көйлегін сатылымға шығарды. Әнші қайырымдылық мақсатында бағалы көйлекті 50% жеңілдікпен сатып жатқанын мәлімдеді.

moldir5

Көйлек арнайы тапсырыспен тіктірілген. Қымбат тастармен көмкерілген нағыз ханшайымдарға арналған көйлек астаналық дизайнер Мадина Көбееваның қолынан шыққан. Көйлектің өзі 700 мың теңгеге тіктірілсе, ұзын ақ фатасының өзі 140 мың теңгені құраған. Жалпы бағасы 840 мың теңгені құраған той көйлегі бүгінде 50% жеңілдікпен 400 мың теңгеге сатылымға шығарылып отыр.

12356445_177199992632518_2115898699_n

Әуелбекованың көйлегі сатылып жатқан салонның қызметкері Ерке Ибрагим бағалы көйлектің салмағының да ауыр екендігін айтып өтті. Айтуынша, көйлектің салмағы шамамен 10 килограмм. Ерке де Мөлдірдің қайырымдылық мақсатында той көйлегін сатылымға шығарғанын растады.

 

«Ең басты шарты – қайырымдылық. Үйде оралып тұрмасын деп, бір адамға болса да қуаныш сыйлағысы келді», – деді ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айтпақшы, сатылымнан түскен қаражатты да әнші қайырымдылыққа жұмсамақ. Ал көйлекті кез келген бойжеткен киіп көре алмайды. Себебі оның өзі ақылы. Ерке: «Әрбір киіп көргісі келген қалыңдыққа берер болсақ, бағалы көйлектің құнын жоғалтып аламыз», – деп отыр. Айта кетейік, көйлекті Мөлдірдің сахналас-әріптесі Жазира Байырбекованың сұлулық салонынан таба аласыздар.

Ал Аша Матай қалыңдық көйлегін сатқысы келмейді. Бұл орайда әншінің өз сөзіне зер салайық:

«Әлі күнге дейін көйлегімді, сәукелемді сұрайтын адамдар бар. «Бағасына да қарамаймыз» деп жатады. Бірақ мен қимаймын. Не көйлегімді де, не сәукелемді де. Себебі бұл жақын құрбыларымның маған берген сыйлығы. Әсем Нұрсейітова мен Малика Юсупова екеуі бірігіп жасаған. Махаббаты салып ішіне, бізге сыйға тартқан. Сондықтан қимай жатырмын. Мүмкін бірнеше жылдан кейін аукцион жасап сатармын. Ал қазірше оның қажеті жоқ», – дейді.

аша арман

1442680382l33nv

Жіберіп алмаңыз: 

Асхат Тарғын елді шулатқан төбелестің неден туындағанын өз аузымен айтып берді

Төреғали “Алло” әнін жазып берген досына Gelandewagen тарту етті

Қайрат Нұртас семейлік мүмкіндігі шектеулі жігітке костюмін сыйлады (видео)

Айсәуле Бақытбек: Мен әкемнің қорғаушысы емеспін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар