Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат Әбілдина сәуірге дейін 10 келі салмақ тастауға уәде берді (фото)

Қарақат Әбілдина қызы Аяланың тұсаукесер тойына барынша дайындалып жатыр. Әнші көктем айында өтетін тойға материалдық қана емес, физикалық тұрғыдан да әзірленуді бастап кеткен. Ол дұрыс тамақтану режіміне көшіп, көктемге дейін 10 келі салмақтан арылуға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бұл суретте шамамен 58 кг шығармын, ал қазір 75 келімін, босанып келгенде 85 кг болғанымды еске түсірсем, бұған да шүкір деймін. Жалпы, не деген өзгерістер десеңізші?! Байқұс организм шок алған екен ғой!. Білесіз бе? Баланы, басқаны сылтауратамыз, ал, шын мәнінде, барлығы өзімізден. Ауызымыз дамыл таппайды, ал денемізде қимыл жоқ, спорт деген нөл, солай ғой?! Арықтаудың түрлі тәсілдеріне, таблетка, шай, диеаталарға үміт артамыз… Бірдеңе іше салсаң, проблема шешілетіндей өзімізді алдаймыз кеп.

Публикация от @karakat_a

Айтпағым, қыздар, өзімізді өзіміз қолға алайық! Тұрайық, жүгірейік! Көктем келді, бұл не жатыс? Қызық болсын, бүгіннен бастайық. Мотивация деген осы шығар. Сәуірдің алтысы – мен үшін маңызды күн. Сол күнге дейін минус 10 кг болуым керек деп мақсат қойып отырмын. Бүгіннен бастап нан, тәтті жемей, аз тамақтанып, көп су ішіп, көп қимылдап, спортқа барамын… Қосыламын десеңіздер, пажалыста”, – деп бөлісті ол (Ескерту: автордың жазбасы сол қалпында беріліп отыр).

Желідегілер Қарақаттың қашанда сұлу екенін алға тартып, оған жылы тілектерін білдіріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Этикеткасы алынбаған көйлекпен эфирге шыққан Аша Матай ұятқа қалды (видео)

Қайрат Нұртас: Жаратқан жәннәтқа бірге кіруді нәсіп етсін. Мен сені сүйем, Джули!

Жігіттер” квартетіндегі Айдарға әйелі тоқал алуға рұқсат берген

Отасқанымызға 10 жыл: Қайрат пен Жұлдыз үйленген күндерін Мальдив аралдарында атап өтті (фото, видео)

Талқылау