Қарағандылық жігіт астындағы көлігін сатып, қала орталығына Аяз ата мүсінін орнатқан

Сейсенбі, 29 Желтоқсан , 2015 8:37

Биыл шырша мен ойыншықтарға бір тиында бөлінбейтінін естіген қарағандылық тұрғын жерлестеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ол астындағы көлігін үш мың АҚШ долларына сатып жіберіп, сол ақшаға биіктігі төрт метр болатын Аяз атаның мүсінін құрастырған.

аяз ата

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қазір алып Аяз ата қаланың Оңтүстік шығыс ауданында барынша әсемделген шыршаның қасында тұр.
Төрт метрлік Аяз атаны жасауға қарағандылық азаматтың екі досы көмектескен. Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары үшін ерекше сыйлық жасауды Денис Евтухов былтырғы жылдан бері ойлаған екен. Бірақ қаржы табылмай, іс созбаққа салынған. Көліктерді жөндеп, бояумен айналысатын қарапайым жігіт, ақыры Қарағандыда жоқ мүсінді темір тұлпардың ақшасына жасауды ұйғарыпты.

“Негізі біз Аяз атамен бірге, Ақшақарды да жасаймыз ба деп едік. Бірақ оған қаржы жетпей, уақытымыз да тығыз болды. Өкініштісі, мүсінді жылтыратып үлгермедік”, – дейді мүсіннің авторы Денис Евтухов.

Шыны пластиктен жасалған Аяз атаны азаматтар автожөндеу орталығында тұрғызғандарын айтады. Сөздерінше, үш ай бойы жүргізілген жұмыстарға 700 мың теңгеге жуық ақша жұмсалыпты. Ал қала тұрғындары азаматтың, билік өкілдері жасамаған жақсылығы үшін дән – риза.

Ал мүсіннің авторлары шыныпластиктен жасалған Аяз атаның жауын – шашын, тіпті сулы қарға да он жылдай шыдас бере алатынын айтады. Ал келер жылы Ақшақарды жасауды ойластырып отырған азаматтар жеке қоймаларын ашуды жоспарлап отыр. Өйткені осы тектес мүсіндерді жасайтын бір де бір зауыт Қазақстанда жоқ екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар