Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық: Әкім былапыт сөздер айтып қоймай, ақша бопсалайды

Алдына көмек сұрап келген адамды балағаттап, кабинетінен қуып шығатын әкімдер кім үшін қызмет істейді? Қарағандыдағы Щербаков ауылының әкімі былапыт сөздер айтып қана қоймай, саусағын қимылдатқаны үшін тіпті ақша сұрайды дейді тұрғындардың бірі.

акиммм

Бұл туралы 31 арна жазды.
Әкімге көмек сұрап барып, балағат сөздерді естіп қайттым деген ауыл тұрғыны, ашынғаннан бірден ұлттық бюроға арыз түсірген. Арызданушының айтуынша, мәселесін шешу үшін басшы әуелі ақша талап етіпті, келіспеген соң балағаттап қуып шыққан.

Бірақ, кеңес мүшелері Щербаков елдімекенінің басшысы Бақытжан Әмірбековтың қаржы сұратқанын мойындата алмапты. Тек ауыл тұрғынын балағаттағаны үшін тек қатаң сөгіс жариялаған. Жиналыста екілік алған оқушыдай сүмірейген ауыл әкімі тәртібін түзеймін деп серт берді.

«Жұмыс бабында осындай қатты сөздер айтылды. Оны мойныма аламын. Кешіріңіздер екінші қайталанбайды. Кешіріңіздер!»,-деді Щербаков ауылының әкімі Бақытжан Әмірбеков.

Талқылау