Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда суықта қалған сәбиді әкесі құтқармақшы болған

Суықта тоңып шетінеп кеткен 9 айлық қыз өмір сүруге қолайсыз үйде тұрған, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

bac00ae8bebaf70a63f66d7c852bf2fd08b5ae50_650

Сурет ngs24.ru сайтынан алынды.

Анық болғандай полицейлер 9 айлық қыздың денесін 16 қаңтарда тапқан. Сараптама нәтижесі бойынша, сәби суықта тоңып шетінеп кеткен.

Полицейлер қыздың биологиялық әкесінің айтуымен оның бұрынғы әйелінің үйіне келіп, төсек астынан сәбиді тауып алған. Оның анасы мен әжесі мас күйінде болған. Ал, әкесі полицейлерге бұрынғы әйелінің қызын көрсетпейтінін айтып хабарласқан екен.

Менің білуімше, қыздың әкесі бір жерге хабарласып, олардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын анықтауды сұраған. Алайда оларды қыздың анасы  Юля үйіне кіргізбеген. Қызды полицейлер тапты. Олар бізді, көршілерді, шақырып бұл отбасының жағдайы жайлы сұрады. Полицейлер Юлядан қыздың қайда екенін сұрап еді, ол әжесінің алып кеткенін айтты. Бірақ, әжесін үйдің бұрышынан тауып алды. Ал, бала төсек астында жатыр екен. Үстінде бір қабат қана киім болған. От жағылмаған, үй іші лас. Иттерге дейін үйдің ішінде жүрді”, – дейді көршісі Андрей Шубин.

Сәбидің өлі денесі табылған үйде ешқандай жағдай жасалмаған. Есік-терезесі сынған. Иттері де үй ішіне кіріп-шығып жүр.

“Сол күні полицейлер мас болған анасы мен әжесін босатқан. Олар үйлеріне келмей, содан әрі ішімдік ішіп, әжесі қайтыс болған. Сосын полицейлер келіп, жауапсыз ананы ұстады”, – дейді көршісі

Талқылау