Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қираған үйдің астында қаза тапқандардың жақындарына 1 миллион теңгеден берілетін болды

Қарағанды облысының басшылығы Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлауының салдарынан қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына 1 миллион теңгеден беруге уәде етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20170102160559

«Туыстарына қайтыс болған әр адам үшін 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілетін болды. Ал ауруханада жатқандарға 500 мың теңгеден көмек көрсетіледі», – деді облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Әлия Сыздықова.

Сондай-ақ, қаза болғандардың жерлеу рәсімі мен ас беру рәсімдерінің шығынын әкімдік өз мойнына алатын болды.

Бұған қоса тиісті заңнамаға сәйкес, арнайы комиссия жұмысының шешімімен келтірілген шығын бюджеттен төленеді.

Айта кетейік, оқыс оқиға 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды. Үйдің қалған бөлігінің тұрғындары эвакуацияланды.

Соңғы мәлімет бойынша тоғыз адам қаза тапты. Олардың арасында үш ер адам, үш әйел адам және үш бала бар. Үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған.

Бүгін күндізгі уақытта қаза болғандардың есімдері белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда қираған үйдің астында анасы алты айлық сәбиімен бірге қалып көз жұмды (фото)

Қазақстанда ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы 16 қаңтарда іске қосылады

Қалың қардан Астана-Қарағанды тас жолында жүздеген көлік тұрып қалды

Пәкістандық 13 жасар қызын 36 жастағы мүгедекке беріп, орнына тоқал сұраған (фото)

Талқылау