Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда қаңғыбас ата-ананың жаңа туған нәрестесін тартып алды

Қарағандыда туылғанына 17 күн болған сәбиді қаңғыбас ата-аналарынан алып қойды. Үйсіздер саяжайлардың біріндегі қараусыз қалған құрылыс алаңын мекен еткен.

image

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Менің кезекшілігім болатын. Жаңа-Майқұдық аймағындағы Октябрь ауданында орналасқан саяжайлардың бірінде ішімдікке тойып алған жұппен бірге нәрестенің жатқаны туралы хабар келіп түсті. Тұрғындардың бірі хабарласып, бүлдіршіннің үнемі жылайтынын және жаурап қалуы мүмкін екенін хабарлады», – деді кәмілеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор Медет Кенбаев.

Полицей тез арада саяжайға барып, оқиғаның растығына көз жеткізді.

«Өте нашар жағдайда тұрып жатыр. Суық вагон, тазалық деген атымен жоқ. Ата-анасы – ішімдікке салынған қаңғыбастар. 29 жастағы әйел мен шамамен жасы 50-ден асқан ер адам», – дейді инспектор.

Нәресте «Шапағат» балалар үйіне жеткізілді. Қамқорлық және қорғаншылық органдары тексеріс жүргізіп, соның нәтижесінде қаңғыбастарды ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілетін болады.

Жіберіп алмаңыз: 

Семейлік тұрғындар қаңғыбас кейуананы адам қатарына қоспақ

Көше адамы: Алматы қаңғыбастарының жан түршігерлік өмірі (фото)

Өскеменде күйеуін өлтіргенін мойындаған әйелді қаңғыбас ер адам пышақтап тастаған

Атақты модель көше кезген қаңғыбасқа айналып, далада түнеп жүр

Талқылау