Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда кәмілеттік жасқа толмаған үш бірдей қыз жоғалып кетті

Қарағанды полициясы іс-түссіз жоғалған үш бірдей қызды іздестіріп жатыр. Олардың екеуі кәмілеттік жасқа толмаған апалы-сіңлілі қыздар болса, үшіншісі 13 жасар қала тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170513180025

Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтің айтуынша, қыздардың туыстары арыз түсіріп, соның негізінде іздеу жұмыстары басталған.

Апалы-сіңлілі Елдана Исламшейх пен Ботакөз Қайырбаева 8 мамыр күні жоғалып кетсе, Диана Нурманбаева үйден 11 мамыр күні шығып, қайта оралмаған.

«Үш бірдей қыздың жоғалуына байланысты іздеу жұмыстары жүріп, арнайы жасақ құрылды», – деді Бақытжан Құдияров.

Апалы-сіңлілі қыздар 15 және 17 жаста. Олар 8 мамыр күні серуендеуге шығып, Қарағандының Сортировкасында жоғалып кетті. Жоғалып кеткен үшінші қыз Диана Нұрманбаева 11 мамыр күні қала орталығынан құрбыларына ЖБИ ауданына қарай бет алған. Жоғалмас бұрын қыз анасымен ренжісіп қалыпты, оған Диананың мектепке кешігуі себеп болған.

Үш қызды көрген-білгендер бар болса, 102 нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабар берсін.

Оқи отырыңыз:

Алматыда тағы жол апаты: Жолаушылар автобусы бағанаға соғылды

Көкшетау полицейлері өзін өлтірмек болған жас жігітті құтқарып қалды

Павлодарда маскүнем әйел қос ұлын көшедегі бейтаныс адамға қалдырып кеткен

Шымкентте бір қызды екі рет алып қашқан жігіт сотталды

Талқылау