Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда екі жезөкшемен кездескен шетелдік азамат қайтыс болды

Өздерін жезөкшеміз деп таныстырған екі әйел Германия азаматына у берген.

Қарағандыда екі жезөкшемен кездескен шетелдік азамат қайтыс болды

52 жастағы есімі Берхард Рихтер шетелдік азамат Қазақстанға 80-жылдары келген. Қарағандыда жодасымен кафеге барады. Сол жерде екі әйелмен танысып, досы қайтып кеткен соң үшеуі кафеде қалады. Екі әйел бұрын ауыр қылмыс істегені үшін сотталған. Азамат екі әйелмен бірге өз пәтеріне барады, деп хабарлайды “Криминальные новости” газеті.

Әйелдің бірі азаматтан тамақ жасап беруін сұрайды. Ол асүйге шығып кеткенде, сырасына екі клозапин дәрісін салып жібереді. Бұл дәрі алкогольмен араласқанда адам уланып, мерт болуы мүмкін.

Ер адам оны ішкен соң сол жерде көз жұмған.

«Бұл дәрі адамды өлтіреді деп ойлаған жоқпын. Дәрінің қалай әсер ететінін білмеген соң екі дозасын салдым», – дейді әйелдің бірі. Олар адам өлімі үшін бірі 3 жылға, бірі 10 жылға сотталып кетті.


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау