Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда балабақша қожайыны бас бостандығынан айырылды

Қарағандыда 30-ға жуық адамды алдап кеткен жеке меншік балабақшаның қожайынына қатысты сот үкімі шықты. Сот төрағасы мекемені гүлдендіруді уәде етіп, ата-аналардан жиналған 47 миллион теңгені жоқ қылған Анна Богатовағы 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды  КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Қарағандыда балабақша қожайыны бас бостандығынан айырылды

Балабақшаның қожайыны Анна Богатова балабақшаны гүлдендіретінін айтып, ата-аналардан қарызға ақша сұраған. Оның сөзіне сенген ата-аналар кемі 1 миллион теңге қарыз берген. Тіпті, кейбірі 3-4 миллиондап ақша беріпті. Өз кезегінде Богатова қарызға ақша берген ата-аналарға балалары мектепке барғанша балабақшада тегін тәрбиеленетінін уәде етеді. Алайда артынша ол қарызын қайтармай, түрлі сылтау айтқан. Артынша қаладағы Анна Богатоваға тиесілі 4 бала бақша жұмысын тоқтатқан. Белгілі болғандай, ол ғимараттады жалға алғаны үшін ақысын төлемепті.

Күдіктінің сөзінше, оны бизнестегі серіктесі алдап кетіп, нәтижесінде қарызға белшесінен батқан.

Ендігі сот төрағасы оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, қарызға алған ақшасын қайтаруды міндеттеді.

«Маған 1 миллион теңге қарыз. Қарызды қайтарратынына сенімім аз. Өйткені 50 миллион теңгеге жуық ақшаны төлеу мүмкін емес сияқты меніңше. Бірақ бас бостандығынан айырылғаны дұрыс болды. Өзіне де, өзгеге де сабақ», – дейді зардап шегуші Дарья Шахова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау