Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды тұрғынының жаңа сатып алған сушки ішінен шаш пен темір шыққан

Сушки ішінен шаш пен темірді көрген қарағандылық ананың 3 айлық қызы бар екен. Осы жағдайдан соң оның жүрегі айнып, омырауынан сүт шықпай қалған. Сондықтан ол қызына жасанды сүт беруге мәжбүр болған, деп хабаралайды informburo.kz хабарлады.

57403_tn

Жас ана оқиғадан соң, сушкиді шығаратын комбинатқа барған. Алайда, ол кезде комбинат басшылары болмапты.

Қызметкерлер мұндай шағымдардың бірінші рет болмағанын және оның жарамсыз болғанын айтқан.

Олар әйелге тауар құнын төлеуді ұсынған. Бірақ, дәрілері мен қызының жасанды сүтіне ақша төлеуден бас тартқан.

57404_tn

Жұмысшылардың айтуынша, шаш сушкиді майлайтын құралдың түгі болу мүмкін. Алайда, суреттен шаштың сушки сыртында емес, ішінде тұрғанын көруге болады.

Қазақсанда өнімдерге байланысты мұндай даулар талай рет болған.

Астана тұрғыны Ресейдің «Славянка» кондитерлік компаниясының “Маленькое чудо” шоколадты конфетінен шыққан құрттарды видеоға түсіріп, ғаламторға жариялап жіберген еді.

57405_tn

Тағы бір Астана тұрғыны шөп шайының ішінен тұқыл тауып алған болатын.

Алматының “Юбилейный” супермаркетінде балықпен бірге құрттар табылған. Мұндай деликатесті тағамдарды көрген сатып алушылар, оның суретін бірден желіге жариялап жіберген. Сөйтіп, өзгелердің осындай оқиғаның куәсі болмауын қалаған.
57402_tn

Талқылау