Қарағандыда террорлық шабуыл жасамақ болған алты адам ұсталды

Бейсенбі, 30 Маусым , 2016 11:33

Қарағанды облысында террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болды деген радикалды топтың алты мүшесі тұтқындалды. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов журналистермен кездесуінде айтты.

караг

Сурет trend.az

ҰҚК басшысының хабарлауынша, Балқаш қаласындағы Гүлшат елді-мекенінде радикалды топтың жоспарлаған шабуылына тосқауыл қойылған. Олар арнайы жарылғыш заттармен  төңкеріс жасамақ болған.

Ал олардың бір мүшесі кеше өз-өзін жарып жіберген болатын.

“Алты адам тұтқындалды, бір адам өз-өзін жарды. Олар салафи ағымындағылар”, – деді Жұмақанов. Сонда-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы күдіктілердің барлығы да жергілікті тұрғындар екенін атап өтті.

“Мұның Ақтөбеліктермен еш байланысы жоқ. Олардың әрқайсысыда жергілікті тұрғындар”, – деді ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жәнібек Амантай ұлы says:

    Барлығы бир школдан шыккан деп ойлайм,аскынып кетпей турганда козин жойган дурыс сиякты…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар