Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында прокурордың “сөз түсінбейтін топастарға” арнаған әні хитке айналды

Қарағанды облысында аудан прокуроры “сөз түсінбейтін топастарға” арнаған өлеңін ғаламторға жариялады. Бала кезінен өлең жазумен әуестенетін Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжанов айналасындағы сатқын адамдарды шайтандарға теңеген. Енді оның шығармашылығын ішкі қауіпсіздік басқармасы талдауға кірісіпті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

DSC_4251

Фото: classik.kz

“Черт по жизни – тот же “мудрила”, только круче, друзья, вам скажу. Может сделать любую подставу, а потом улыбаться в глаза, учинить по тихушке расправу и врубить затем тормоза”, – деп жазады ол өлеңінде.

Сотталғандардың тілін жетік меңгерген Берік Ахметжанов арамызда сатқындар көп екенін ескертеді. Айтуынша, оларды басып-жаншып, көзін құрту керек. Төбесіндегі елтаңбаға қарап оның шабыты жұмыс орнында ұстағаны байқалып тұр. “Талантты” прокурор шығармашылықпен қатар, спортқа да икемі бар екен.

Қара күштің арқасында зілтемір көтеруден Азия чемпионы да атанған. Сегіз қырлы жігіттің қылығында кереғарлық бар жоғын облыстық прокуратураның ішкі қауіпсіздік басқармасы тексереміз депті. Айтпақшы, жас та болса тек басшылық қызметтерде жүретін Берік Ахметжанов Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың туған інісі.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды прокуроры үш жол апатын жасағанымен 21 мың теңге айыппұл төлеп құтылды (видео)

Бас прокурор қарамағындағыларға менеджмент туралы кітап оқуға кеңес берді

Алматыда атыс жасаған лаңкес судья мен прокурорларды өлтірмек болған

Прокурор 6 адам қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты

Талқылау