Қарағанды прокуроры үш жол апатын жасағанымен 21 мың теңге айыппұл төлеп құтылды (видео)

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 13:42

Қарағандыда облыстық сот апелляцияда аудандық прокуратура қызметкері салдарынан орын алған үш жол-көлік апаты жөніндегі әкімшілік іс бойынша жаңа шешім шығарды.

4123_729x547

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Әсел Сәрсенбаеваны 9 айға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын 10 АЕК, яғни 21 210 теңге көлемінде айыппұл салумен алмастырды.

Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне енді.

Облыс прокуратурасының ақпаратынша, қызметкер ар-намыс кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.   «Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша, Қарағанды облысы прокурорының бұйрығымен Сәрсембаеваға қатаң сөгіс жарияланды.  Шешім тәртіптік кеңесте қабылданды», – деп хабарлады ведомствода.

Еске сала кетейік, апат 1 шілдеде Қарағандыда Волгодонская көшесінде орын алды.  Hyundai автомобилін басқарған прокуратура қызметкері, алдын ала мәліметтер бойынша, жылдамдықты асырып, Mercedes автомобилімен соқтығысты. Кейін, қарсы жолаққа шығып, тағы екі жеңіл көлікті соқты.

Жол-көлік оқиғасы түсірілген видеоны әлеуметтік желілерге  «ОСА» қоғамдық бірлестігі жариялады.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда бір отбасының 6 мүшесі қаза тапқан апаттан 4 жасар бала аман қалды

Қостанай облысында жол апатынан екі айлық сәби көз жұмды

Алматыда болған жантүршігерлік жол апатынан қала тұрғындары зардап шекті (фото)

Өте қауіпті жол апатына түскен жігіт адам сенгісіз жағдайда аяққа тұрып кеткен (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар