Қарағанды облысында екі адамды өрттен құтқарып қалған 17 жастағы жігіт марапатталды 

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар министрлігі өртеніп жатқан үйден екі адамды құтқарып қалған 17 жастағы Алексей Шинкаревты марапаттады. Жасөспірім 19 ақпанда Солтүстік-Батыс ауылының Загаражная көшесіндегі үйдің газ баллоны жарылған кезде екі адамның өмірін құтқарып қалды.

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алексей өрт алаңы шамамен 200 шартшы метр болатын үйден досын және оның сүйіктісін құтқарып қалды. Өрт салдарынан зардап шеккен 2001 жылғы жасөспірім қыз және 1994 жылы туылған жігіт ауруханаға жеткізілді. Қызыл жалынды сөндіруге өрт сөндірушілер және төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері, сондай-ақ 3 техника жұмылдырылды.

Өкінішке орай өрт тұтанған пәтердің түгі қалмай жанып кеткен. Сол уақытта көмір алуға шыққан Алексей көптің қолынан келе бермейтін ерлік жасады. Ол көршісінің үйі өртеніп жатқанын көріп, бірден құтқаруға жүгірген. Адамдарды құтқару барысында көрсеткен батылдық пен ерлігі үшін Алексейге Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Каримов алғыс хат тапсырды.

«Кез келген ересек адам Алексей Шинкаревтің істеген ерлігін жасай алмайды. Біздің облыс тұрғындарының арасында осындай қиын кезеңде, өз өмірлеріне қауіп төндіре отырып өзгені құтқаруға дайын тұратын адамдардың бар болғанына қуаныштымыз. Сіздерге зор денсаулық және отбасылық бақыт тілейміз!»,-деді азаматтық қорғаныс полковнигі Каримов.

Сонымен қатар Алексей  Шинкарев батылдық танытқаны үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ведомстволық марапатына ұсынылады. Оған қоса Алексей білім алатын Шахтер тау-кен өнеркәсібі колледжінің директорына өрт кезінде адамдарды құтқару үшін ерлік көрсеткен Алексейді көтермелеу туралы өтініш жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 19 ақпанда шамамен кешкі  бесте Шахтинскіде  Солтүстік-Батыс ауылының Загаражная көшесіндегі үйдің газ баллоны жарылып, өрт шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Тоқмәдидің бұрынғы әйелі: Мұратханның төсегінің астында доллар толы спорттық сөмке жатты

Қолым әдемі емес екенін білем: Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды (фото)

Оралда адам өлтіріп үш рет сотталған адам сүйіктісін жолықтырды

Ақтөбе тұрғындары марқұмдарды зиратқа жерлеу үшін де қымбат ақша төлеуге мәжбүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар