Оралда адам өлтіріп үш рет сотталған адам сүйіктісін жолықтырды

Қайыржан Күтімбаев бір жарым ай бойы Оралдағы тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімделу орталығында тұрып келеді. Үш рет сотталған ер адам бір емес екі мамандықты игеріп, тіпті қызыл диплом алған. Басынан көп қиыншылық өткен азамат өзі туралы көп айтқысы келмейді, бірақ үнемі қиын тағдыры туралы ойланумен келеді.

Бұл туралы Мой Город порталына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Мен Зеленов ауданында, Владимировка ауылында дүниеге келдім. Кәсіптік білім беретін мекемеде көлік құрастырушысы мамандығы бойынша оқып, бес жылдай осы салада қызмет жасадым. Кейін құрылысшы-шебер мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен бітірдім. Осылай оқу орнын үздік аяқтап екінші мамандықты игеріп шықтым.  Содан кейін өмірімде түрлі қиыншылықтар орын ала басталды», – деді ер адам.

Қайыржан, кеңес үкіметі ыдыраған кездерде қиын жағдайға қарамастан, үш жұмыс орнында қызмет жасағанын айтты.

«Барлық сәтсіздіктің кінәсі баяғы ішімдік. Алғаш рет 1996 жылы сотталдым. Абақтыда тәртібім жақсы болғандықтан жаза уақытын қысқартты. Сондықтан шартты түрде бостандыққа шықтым. Кейін екі рет адам өлтіргенім үшін сотталып, 16 жыл түрмеде отырдым», – деп түсіндірді ер адам.

Қайыржан Күтімбаев өзінің бейімделу орталығына түскеніне еш өкінбейтінін айтты.

«Қазір тұрғылықты баспанам жоқ. Бірақ мен «Жайық таза қала» ЖШС-де жұмысқа орналастым. Өзімнің екінші жартымды осында кездестірдім.  Галина да бейімделу орталығынан. Бұйыртса отбасын құрып, осы жерден кетуді жоспарлап отырмыз»,- дейді бейімделу орталығын паналаушы.

Үш рет сотталған Қайыржан Галина Полякованы бірден байқаған. Ол сүйіктісін ерекше сыйлап, құрметтеймін дейді. Галина да өмірдің қиыншылығын көп көрген жан. Ол бір аяғынан айырылған мүгедек. Қайыржан сүйіктісінің басынан көп ауыртпалық өткенін айтып, оны ешқашан ренжітпеймін деп отыр.

Енді болашақ ерлі-зайыптыларға құжаттарын реттеп, заңды түрде некелесу қалды. Бәрі реттелсе пәтер тауып өз отбасын құруды жоспарлап қойған. Көпшілік үшін, Қайыржан мен Галинаның махаббаты үлгі болмақ. Олар бастарынан қаншама қиындықты өткерсе де, жарқын болашақтан үміт үздейді. Қазір олар барлық уақытта бір-біріне қолдау көрсетіп, бөлек пәтер тауып кетеміз деп армандайды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе тұрғындары марқұмдарды зиратқа жерлеу үшін де қымбат ақша төлеуге мәжбүр

Алматыда электр энергиясының күндізгі және түнгі тарифтері теңестірілмек

Алматы облысының тұрғындары 10 жылдан бері мектеп директорымен арпалысып келеді

ОҚО-да зиратты су шайып, марқұмдардың сүйектері өзенге ағып жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар