Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында браконьерлердің инспекторларға шабуылы әлемдік БАҚ-та айтылды

“Охотзоопром” инспекторларына браконьерлердің шабуылдау оқиғасы әлем назарынан тыс қалған жоқ. Әлемдік БАҚ-та ақбөкендерді қорғаған инспектордың өлімі туалы айтылды.

Қарағанды облысында браконьерлердің инспекторларға шабуылы әлемдік БАҚ-та айтылды

Инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык BBC арнасындағы видеосюжеттің кейіпкерлері болды.

“Табиғатты қорғау “Охотзоопром” агенттігінің тарихында алғаш рет браконьерлер мемлекеттік аңшыны өлтірді. Нұрғалиевтің өлімі қоғамдық дау тудырып, адамдар биліктен қылмыскерді жазалауды талап етті. Бас прокурор істі жеке бақылауына алды. Бұл оқиға браконьерліктің қаншалықты елде етек жайғанын көрсетеді. Аңшыларды жаралап, аязда қалдырған барконьерлер ақбөкендерді аулауын жалғастыра берген. Олар жүнді мамонттар кезінен келе жатқан жануар. Ақбөкендердің көп бөлігі Қазақстанда”, – деп жазады журналист Абдужалил Абдурасулов.

Мамыр айындағы түсірілім кезінде аңшылар браконьерлердің өздерінен де мықты қаруланғанын айтқан еді.

“Ныцик өзінің Макаров пистолетін көрсетіп, оларды қорқыту ретінде пайдаланатынын айтқан. Осы жолы да қорқыту үшін оқ атқан. Олардың өз өміріне қауіп төніп тұрғандықтан қылмыскерлерді атуға да құқығы бар еді”, – дейді тілші.

ІІМ-де күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді. Күдіктілер Қызылорда тұрғындары. Олар уақытша изоляторға жабылды Оларға бұған дейін іздеу салынған.

Айта кетсек, инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өмірі үшін дәрігерлер соңына дейін күресті. Алайда Нұрғалиев комада көз жұмды. Ал аман қалған инспектор оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау