Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында 29 жастағы жігіт полицейдің оғынан көз жұмды

Араққа тойып ап, тап берген 5 жігітті сабасына түсірмекке ауаға атылған оқ, олардың біріне тиіпті, – деп хабарлайды ктк арнасы.

fe6ed583bc83ec598c2253924aa

Жерден тұра алмай жатқан жігітті оқиға орнындағылар таспаға түсіріп үлгерген. Қиналып жатқан оның бүйіріндегі жарақаты анық байқалады. Жедел ауруханаға жеткізілгенмен, ақыры есін жимастан жан тапсырды. Қалған төртеуі қамауға алынған. Ал полицейлер түн ортасында ауылдың бес жігіті өздеріне тап бергенін айтып отыр. Ескерту ретінде атылған оқ марқұмға тиді депті. Қазір тәртіп сақшыларының бұл уәжін ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеріп жатыр.

Талқылау