Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қапшағайда қаскөйлер тағдыр тәлкегіне ұшыраған мүгедек қыздың ноутбугын ұрлап кетті

Диана тағдырдың барлық қатыгездігіне тап болған бала. Туған анасы мен әжесінен қорлық көрген мүгедек қыз өмірдің барлық қиындығын көрді. Алайда, қатал тағдыр баланы әлі жылатуда. Жақында ғана демеушілер Дианаға судай жаңа ноутбук сыйлаған болатын. Бірақ, тегін келген сыйлықты да көп көрген қаскөйлер қызға берілген ноутбукты ұрлап кетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қапшағайда қаскөйлер тағдыр тәлкегіне ұшыраған мүгедек қыздың ноутбугын ұрлап кетті

Науқас баланың мүлігінің ұрланғаны туралы хабарланған видеоны Юлия Трофимова есімді азаматша өзінің facebook парақшасында жариялады.

Отбасы жылулығын көрмеген қызды қазір қайырымды жандар асырап, тәрбиелеуде. Осы жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз мүгедек болғанына қарамастан үйде білім алып жатыр. Туған анасынан қорлық көріп өсіп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған Диананың оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Мүгедек қыздың ащы тағдыры туралы естіген жандар оған барынша қолдау көрсетіп, көмектесу тырысты.

Жақында ғана Қапшағай қаласындағы «Технодом» дүкенінің демеушілері қызға ноутбук сыйлаған екен. Қайырымды отбасында тәрбиеніп, үйде білім алып жатқан Диана бұл сыйлықты көріп қатты қуанды. Дегенмен, оның қуанышы ұзаққа созылмады. Қаскөйлер онсызда көп қиындық көрген мүгедектің су жаңа ноутбугын ұрлап кетті. Енді, Диананың қамқоршылары қызды жылатып, сыйлығын ұрлап кеткендерден ноутбукты қайтаруларын сұрайды.

«Науқас баланың мүлігін ұрлап кету дұрыс па сол. Менің айтар сөзім жоқ. Үйге келсек компьтердің бос қорабы ғана тұр. Сол уақытта үйде балалар болса, оларды ұтып-соғып алып кете ме сонда? Біз түсінушілігі бар адам болса, қыздың затын өзіне қайтаруларын сұраймыз»,-дейді Диананың қамқоршылары.

Естеріңізде болса, бұған дейін қазақстандықтардың жағасын ұстатқан қорлық көрген мүгедек қыздың жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау