Қапшағайда атылып өлген сарбаз несиесін жаба алмағаннан өзіне қол салуы мүмкін
Қапшағайдағы әскери бөлімінде тағы да суицид! Бұл жолы да қарауылда тұрған сарбаз атылып өлген. Мұндай сұмдыққа бармас бұрын сержант туыстарына смс-хабарлама жіберіп үлгеріпті деп хабарлайды КТК телеарнасы.
24 жастағы Асхат Қазақпаев өз-өзін басынан атып жіберген дейді Қорғаныс министрлігіндегілер. Сарбаздың өлі денесін оны алмастыруға келген күзетші тауыпты. Келісім-шартпен қызмет еткен жігіт өлмес бұрын күйеу баласына және сүйіктісіне қысқа смс қалдырған. Онда «ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ, бұл қадамға өзім бардым» деп жазған екен. Анасының несиесін өтей алмай, өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін деген де болжам бар. Істің ақ-қарасын тергеушілер анықтап жатыр.
Талқылау