Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қап-қара» баламен суретке түскен Сәкен Майғазиев көпшілікті сүйсінтті

Сәкен Майғазиев желідегі парақшасына қара нәсілді сәбимен түскен суретін жүктеп, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Stan.kz.

сакеша_3

Танымал әнші әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болып табылады. Майғазиев тыңдармандарын әркез түрлі жарияланымдарымен қуантады. Ол, тіпті, кішкентай балалармен түскен суреттерін арнайы #Сәкенбалалармен хэштегімен белгілейді. Бір сұхбатында әнші:

“Балаларды жақсы көрмейтін жан жоқ шығар. Бірақ мен ерекше жақсы көремін”, – деп айтқан еді.

Бүгін ол “қап-қара” баламен түскен суретін жүктеп, көпшіліктің таңданысын туғызды.

“Жұма мүбәрәк, жақсылар! Әлемде бейбітшілік болсын”, -деп жазды әншінің өзі.

Майғазиевтің жүрегінің тазалығына, көңілінің ақтығына тәнті болған желі қолданушылары:

“Сәке, жүрегіңізден сіздің, Алла жар болсын сізге және отбасыңызға”, “Балажансыз-ау, нағыз қазақ осындай бауырмал болған”, “Жарайсыз, ағатай, бірақ сізді қызғанып тұрмын”, “Бұны қайдан тауып алдыңыз”, “Кенжебекке ұқсайды екен”, “Нұржан Керменбаевтан аумай қалыпты”, – деп пікір білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

Бұрынғы продюсері Артур Төлеповті «лақтырып» кетті деп айыптады

«Өзінің жасына лайықсыз» көйлек киген Мәдина Сәдуақасова сынға қалды

Әнші Гауһар Әлімбекова тұрмыс құрды

RinGo әншісі: Жұбайым маған тұрмысқа шығар кезде ислам дінін қабылдады

Талқылау