Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

2016 жылдың 8 мамырында Майами қаласында қазақтың кәсіби боксшысы, бірінші орта салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам колумбиялық боксшы – Хуан де Анхельмен айқасатын болды.

Ислам

Бұл туралы Қанат Исламның менеджері Жұлдыз Ерік хабарлап отыр.

«Құрметті жанкүйерлер! Қанат ағаның қарсыласы анықталды! Ол орта салмақта өнер көрсетіп жүрген колумбиялық боксшы – Хуан де Анxель. Осы уақытқа дейін 22 кездесу (18-3-1) өткізіп, оның 17-сін нокаутпен жеңген жігіт. Лақап аты – Ла Аменаза (La Amenaza). Жасы 28-де. Жарысқа санаулы күндер қалды! Жекпе-жек мамырдың 8-і, АҚШ-тың Майами қаласында өтеді»,-деп хабарлады Ж.Ерік Қанат Исламның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Қанат Ислам кәсіби рингте 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, соның 17-ін нокаутпен аяқтады. Боксшы бірінші орта салмақта (69 келі) WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

 

Талқылау