Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадада ер кісі мен тотықұстың жанжалына полиция келіп араласты

Канаданың Брайтон қаласының тұрғыны үйіне қызып келіп, тордағы тотықұсымен салғыласып, ұрсысады. Осыған орай көршілері полиция шақырған.

00059621

Сурет supersadovnik.ru

Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Портал хабарлағандай, тәртіп сақшыларына бір мезгілде бірнеше адам хабарласып, көрші үйде қырғын ұрыс болып жатқанын жеткізген. Олар ер кісіні әйелімен жанжалдасып жатыр деп ойлап қалыпты.

Артынша жеткен құқық қорғаушылар үйде ер кісінің жалғыз отырғанын көреді.

«Біз үйден, өзінің айтуынша, шұқып алған тотықұсына айқай салған үйдің иесін ғана кезіктірдік», – деді полиция өкілі. Ол ішіп алған канадалық азаматтың ешкімге қауіп төндірмегенін айтты.

Полицейлер өздерін жылдам жетуге мәжбүр еткен ер кісіге қатысты ешқандай шара қолданған жоқ.

Талқылау