Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қан мен бір уыс шаш: Сотта Салтанат Нүкенова өлтірілген мейрамхананың суреттері көрсетілді (фото)

Елорда соты әйелін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты іс материалдарын зерттей бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Прокурор Айжан Аймағанова материалдардағы фотолар мен құжаттарды экранға шығаруды сұрады.

Кадрларда Салтанат Нүкенованың мәйіті табылған №1 VIP-кабина, сондай-ақ мейрамхана аумағында табылған түрлі қан дақтары көрсетілген. Қан іздері еденнен ғана емес, №1VIP кабинадағы перделерден де табылған.



Фото: Видеодан скрин

Іс материалында мейрамханадағы үстелден табылған бір уыс шаштың фотосы да бар. Бұған қатысты Бишімбаев Салтанат Нүкенованың басынан сипап, шашын қолына алып, үстелге қойғанын түсіндірді.

Істің бірінші томдарының материалдарын оқи отырып, прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтың сотқа дейінгі тергеу кезінде айғақ беруден бас тартқанын ерекше атап өтті.

Фото: Видеодан скрин

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаев айыпталып отырған Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істі қарап жатыр.

Бұған дейін Жоғарғы сот БАҚ беттерінде Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша алқабилердің суреттерінің жариялануына қатысты мәлімдеме жасады.

“БАҚ туралы заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады. Осыған байланысты сот кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімін бастады”, – делінген хабарламада. 

Талқылау
Пікір
686442
10 Сәу, 24 жыл - 18:30

Ана есекке бұдан артық не дәлел керек енді өмір бойына соттау керек