Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдық қызойнақ кезінде қабырғаға соғылып көз жұмды

Аустралиядағы Альхартсберг коммунасында көңілді қызойнақ қайғылы жағдаймен аяқталды. 26 жастағы Ясмин Шварнтхорер құрбыларымен бірге тракторға тіркелген тіркемеде отырып, серуендеген. Трактордың рулінде қалыңдықтың 25 жастағы інісі Патрик отырған екен. Жолдың бұрылысында тіркеме аударылып қалып, бойжеткен тас қабырғаға соғылған.

Қалыңдық қызойнақ кезінде қабырғаға соғылып көз жұмды

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ясмин тікұшақпен Линцаның ауруханасына жеткізілді. Ауыр жағдайда жатқан бойжеткенге ота жасалған. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін қалыңдық көз жұмды.

Оқиға кезінде тіркемеде 15 қыз болған. Қалыңдықтың сіңлі мен құрбысы әлі де ауруханада жатыр. Тағы 5 бойжеткен ауыр, жетеуі жеңіл жарақат алған.

Қалыңдық қызойнақ кезінде қабырғаға соғылып көз жұмды

Аустарлиялық БАҚ мәліметінше, қалыңдықтың інісі қарсы алдынан шыққан велосипедпен соқтығыспас үшін, бірден бұрылған екен. Дәл осы жайт апатқа себеп болған.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қалыңдық той көйлегін киген күйінде жер қойнына тапсырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау